"Орда" тобының жұлдызын жаққан Тоқтар Төлешов екені рас па

Продюссер, әнші Ерболат Беделхан Динара Сатжанға берген сұхбаты кезінде "Орда" тобына белгілі бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешовтың демеу болғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, ол топқа шын ниетімен, қайтарымсыз көмек көрсетіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Об этом сообщает http://viamedstore.com



Продюссер "Орда" тобының алғаш саханаға шығып жүрген жылдары танымал қазақстанық бизнесмен кездескенін алға тартты.



Оның айтуынша, Шымкентте өнер көрсетуге шақырылған топ кімнің алаңында жүргенін о баста білмеген екен.



Алайда көп ұзамай "Сыра патшасы" жас жігіттермен өзі таныспақ болыпты.



"Тоқтар Төлешов көмектесті. Біз оның алаңында өнер көрсетіппіз, ол кісі туралы ештеңе білмедік. Бізді шақырды. Ондай жағдайлар сирек болып тұрады. Әрине барып, өнер көрсеттік. Бас ұйымдастырушы бізді шақырып, дастархан жайып, алғысын білдірді.
Сол кезде ол кісімен таныстық. Ол өте қарапайым болды. Жай ғана: "Жігіттер, елімізде сендер сияқты жандар барын білмедім. Сендерге жай ғана көмектессем деймін. Не қалайсыңдар?" деп сұрады", — деп өткен күндерін еске алды әртіс.

Әнші Тоқтар Төлешовтың арқасында танымал продюссермен танысып, Мәскеуде де 1,5 жыл тұрып келгенін де алға тартты.



"Мұндай жағдай ешқашан болмаған. Біз не істерімізді білмей, абдырап қалдық. Бір айдан кейін мен онымен тағы бір рет кездесіп: "біздің арманымыз — біздің шығармашылығымыз. Оны дамытсақ дейміз дедім".
Ол бізді Айзеншписпен кездестірді. Оны шақырып, бізбен таныстырды. Ол кезде ол Дима Биланның продюссері еді. Біз онымен де, Дима Биланмен де таныстық. Ол бізді көріп, продюссер болуға келісімін берді. Сөйтіп, бәрімізді Мәскеуге алып кетті. Ол жерде бір жарым жыл тұрдық, бірақ бірнеше айдан кейін ол қайтыс болды", — дейді өнер иесі.

Источник: “https://kaz.nur.kz/1828515-orda-tobyny-zldyzyn-zakkan-toktar-tlesov-ekeni-ras-pa.html”

Новости
Теги